Өзбекстанда 9 тілде ақпарат тарататын робот-журналист пайда болды
23 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінде жасанды интеллект негізінде құрылған робот-журналист жұмыс істей бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Агенттік мәліметінше, оған Собир Холдаров есімі берілген.
Робот-журналист өзбек жаңалықтарын тоғыз тілде , яғни өзбек, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан және қазақ тілдерінде жеткізеді. Әрбір бейнеде жалған бейнелерден қорғау үшін арнайы QR коды бар. Оның сілтемесі арқылы өтіп бейненің мәтінін ӨзА-ның ресми сайтынан оқуға болады. Оның есімі Орталық Азия мен Өзбекстандағы алғашқы кәсіби журналист Собира Холдарованың құрметіне қойылған, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Референдум: Шетелдегі 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс берді
13 наурыз, 2026
Татарстанда жаңа Конституция жобасы таныстырылды
13 наурыз, 2026
Швецияда Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
11 наурыз, 2026
Бельгияда қазақ жастары алдағы республикалық референдумды талқылады