Рухани еркіндік: Мемлекеттік рәміздер күні елордалық жастардың көзімен
4 маусым, 2025
Фото: ұйымдастырушылардан
Елордадағы «Байқоңыр» ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай №1 Өнер мектебінің оқушылары арасында «Желбірей бер көк туым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz ауданның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау барысында оқушылар Ту, Елтаңба мен Әнұранның мағынасын өз көзқарастары арқылы бейнелеп, ұлттық құндылықтарды терең түсінетіндерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды