Елордада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

2 сәуір, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 4-5 сәуір күндері кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен елдің әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен тәтті тағамдарды,  табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады», делінеді хабарламада.

Іс-шара 4 және 5 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.

Келушілерге қолайлы болуы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.