Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«19 қыркүйек пен 1 қараша аралығында, сенбі және жексенбі күндері №18, 37, 303 бағдарлары апта сайын өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін «Қазанат» ипподромы арқылы жүреді», - делінген хабарламада.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
Еске сала кетейік, Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Атырау облыстары 600 тоннадан астам өнім әкеледі.