Астанада Әнет баба көшесіндегі қиылыс екі аптаға жабылады

Астанада Әнет баба көшесіндегі қиылыс екі аптаға жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Әнет баба көшесі мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қиылыста инженерлік желіні орнату жүргізіледі. 

Осы бағытта жүретін жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескеру қажет. 

Еске сала кетсек, Астанада елорданың сол жағалауы мен оң жағалауын «Нұрлы жол» теміржол вокзалы тұсынан байланыстыратын жаңа көпір салынады.