Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік жарыста 23 медаль жеңіп алды

19 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік жарыста 23 медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Екатеринбургте өткен «Весна Победы» атты Бүкілресейлік жарыста Астананың «Арғымақ» ат спорты дене шынықтыру кешенінің спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа ең мықты шабандоздар мен тұлпарлар қатысып, көрермендерге еркіндік, күш, шыдамдылық пен шабандоз бен аттың үйлесімді еңбегін көрсетті. Айтулы жарыста қатысушылар 70, 100, 110, 125 және 130 см биіктіктегі тосқауылдарды сенімді түрде жеңіп шықты.

«Жарыс жалпы алғанда астаналық спортшылар үшін сәтті өтті. Осы жарыста біздің клубтың спортшылары ерекше көзге түсті. Мысалы, «14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар» санатында Сафина Байғожина «Сармат» атты тұлпарымен бірінші орын алды. Сонымен қатар 4А маршруты бойынша (130 см) таза және жылдам өту бойынша Азамат Хасенов «Мон Фери» атты кобылымен бірінші орынға шықты. Бұл нәтиже олардың таланты мен табандылығын дәлелдеді», - деп атап өтті жарыс жаттықтырушысы Нұрмұхаммед Қорғанбеков.

Астаналық спортшылар жалпы 23 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 7 күміс және 4 қола.