Ерлан Каналимов: Бүгін біз еліміздің болашағын анықтаймыз
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін біз бәріміз бірге еліміздің даму бағытын айқындап жатырмыз. Қоғаммен диалогқа негізделген және азаматтардың пікірін ескере отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау – жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастыру мен «Еститін мемлекет» қағидаттарын жүзеге асырудың маңызды механизмі.
Бүгін біз дауыс беру арқылы еліміздің болашағын анықтаймыз. Балаларымыздың болашағы мен алдағы жылдары еліміздің қалай дамитыны біздің белсенділігімізге байланысты. Ең бірінші орында азаматтық және конституциялық парызымызды орындау үшін сайлау учаскесіне барып, дауыс беруіміз қажет. Таңдау жасау мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!» - деп жазды Е.Каналимов.