Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

Бүгін, 17:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 5-10 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер өтінішін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі бағыттар бойынша тапсырады:

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Физика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Психология.

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.

Astana халықаралық университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;

• Психология.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

• Математика пәні мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Astana медициналық университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Психология;

• Дефектолог;

• Логопед;

• Олигофренопедагог;

• Тифлопедагог;

• Сурдопедагог.