04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық келіншек «JolTap» жобасы арқылы жаңа мамандық меңгерді

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық келіншек «JolTap» жобасы арқылы жаңа мамандық меңгерді

|
Photo: Freepik.com

Елорда тұрғыны Айдана Арыстан «Joltap» жобасы арқылы тігіншіліктің қыр-сырын меңгеріп, жаңа кәсіби бағытқа қадам басты.  Ол Elordainfo.kz тілшісіне курстың пайдасы туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

30 жастағы кейіпкеріміз отбасымен бірге Шымкент қаласынан Астанаға қоныс аударған. Жаңа ортада тұрақты табыс табуды мақсат еткен ол әлеуметтік желіден «JolTap» туралы көреді. Содан дереу қаладағы «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктеріне барып, жан-жақты ақпарат алып, курсқа тіркеледі.

«Арада көп уақыт өтпей «Модельер-конструктор» курсына қатыстым. Оны сәтті аяқтаған соң «Тігінші» бағыты бойынша білімімді жалғастырдым. Тігін тігу саласы маған ұнайды. Сол себепті осы бағытты таңдадым. Сабақтар өте қызықты өтті. Мұнда көп уақыт тәжірибеге бөлінді. Біз пішуді, бұйым тігуді, өнеркәсіптік тігін машинкасында жұмыс істеуді үйрендік», - деді Айдана Арыстан.

Ол елордадағы жекеменшік тігін цехтардың біріне жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

«Менің негізгі мамандығым – мұғалім. Алайда оқуды бітірген соң тұрмысқа шықтым. Кейін бала күтімімен декреттік демалыста болдым», - деді ол.

Кейіпкеріміз бұл жоба үлкен мүмкіндік сыйлағанын айтады.

«Жоба арқылы аз уақытта жаңа мамандықты үйреніп шықтым. Оқытушылар барлық ақпаратты қысқа әрі нұсқа түсіндіреді. Барлық сұрақтарымызға жауап береді. Мінеки, бүгін сертификаттарымызды табыстады. Енді тігіншілік қызмет бойынша жұмысқа орналасамын. Осындай мүмкіндікті сыйлаған жоба ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», - деді астаналық келіншек.

Айта кетейік, «JolTap» жобасы – жаңа мамандық меңгеріп, сүйікті ісі арқылы табыс табуға мүмкіндік беретін бастама. Бағдарлама қысқа мерзімді кәсіби курстар арқылы қатысушыларға өз әлеуетін ашуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар игеруге жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗