07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 38 келіден астам марихуана тәркіледі

|
Photo: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 38 келіден астам марихуана тәркіледі

|
Photo: Polisia.kz

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Алматы-Екатеринбург автожолының 343-шақырымында 40 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota RAV4 автокөлігі тоқтатылды. Арнайы операция кезінде қызметтік ит Тэя көліктен есірткі затының иісін анықтады.

«Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған үш қап табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін көрсетті. Жалпы салмағы — 38 келі 125 грамм. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұстау шарасы облыстық прокуратура өкілдерінің қатысуымен жүргізілді», - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Есірткі қылмыстарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар өңірде күшейтілген тәртіпте жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗