04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

100 млн теңгеден астам қаражат жинаған: «Үміт Самғау» қаржы пирамидасы тергеліп жатыр

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

100 млн теңгеден астам қаражат жинаған: «Үміт Самғау» қаржы пирамидасы тергеліп жатыр

|
Photo: freepik.com

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде жасырынған.

Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған.

Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған.

Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

«Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден астқан», - делінген хабарламада. 

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗