08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ұлттық құндылықтар: таным, тағылым. Адал азамат»: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті

|
Photo: “Ұлттық құндылықтар академиясы” РҚБ/Мамиров Рамиль
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ұлттық құндылықтар: таным, тағылым. Адал азамат»: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті

|
Photo: “Ұлттық құндылықтар академиясы” РҚБ/Мамиров Рамиль

2025 жылдың 31 қазан күні Алматы қаласында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханада «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар: таным, тағылым. Адал азамат» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Конференция жұмысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Аманат» париясының, Алматы қалалық, аудандық мәслихатының өкілдері, білім-ғылым саласының дамуына айтарлықтай еңбегі сіңген ғалымдар, саналы ұрпақ тәрбиелеуде тәжірибесі мол педагог-практиктер, жазушылар, оқулық әзірлеушілер, сондай-ақ  қоғамдық ұйымдардың, баспалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында ұлттық құндылықтардың тәрбие мен білімнің біртұтастығын қамтамасыз етудің ғылыми-әдіснамалық негіздері мен оларды практикалық тұрғыда іске  асыру жолдары талқыланды.

Құндылыққа бағдарланған тәрбие жұмыстарның үздік нәтижелері көрсетілді. Көркем әдебиеттер мен оқулықтардың көрмесі  болды. Кітап көрмесіне «Атамұра», «Адматы кітап», «Арман-ПВ», «Көкжиек», «Мектеп» баспалары қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша құрастырылған ғылыми ұжымдық еңбектердің тұсаукесері болды. 

Конференция құндылықтарды дәріптеу бағытында мазмұнды да қызықты өтті. Конференция қонақтары оқушылар мен педагогтердің өнерін тамашалады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗