05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

СҚО астық пен майлы дақылдардың рекордтық өнімін жинады

|
Photo: Akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

СҚО астық пен майлы дақылдардың рекордтық өнімін жинады

|
Photo: Akorda.kz

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары астық пен майлы дақылдардың рекордтық өнімін жинады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Үкімет отырысында өңірдегі дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау науқанының аяқталғанын хабарлады.

Ол биыл 3 млн га алқаптан 6,5 млн тонна астық жиналғанын атап. Орташа өнімділік гектарынан 21,4 ц/га, бұл – елдегі астықты өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Майлы дақылдарды жинау жұмысы аяқталуға жақын. Бүгінгі күні 966,1 мың гектар алқап жиналды. Алғаш рет 1,2 млн тоннадан астам майлы дақылдың рекордтық өнімі алынды, орташа өнімділік гектарынан 12 центнерді құрады.

«Бұл жетістіктерге Үкімет қолдауының нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Агротехникалық шаралар кешенін уақытылы жеңілдетіп, қаржыландырудың арқасында, облыс диқандары 161 млрд теңге рекордтық қаражат алды»,— деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Оның айтуынша қабылданған шаралар диқандарға көктемгі дала жұмыстарын уақытылы өткізіп, жоғары өнім алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар өнімділікті арттыру мақсатында 340 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш. 52,5 мың тонна элиталық тұқым себіліп, сорт жаңарту деңгейі 11,2%-ға жетті.

Өңірде сыйымдылығы 7 млн тонна болатын астық қоймалары бар. Бүгінде олардың жүктелімі 54%-ды құрайды. Жаңа өнімнен 2 млн тонна астық қабылданды. Астық тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗