04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл елімізде 35 спорт нысаны салынды, тағы 67 нысанның құрылысы жүріп жатыр - Ербол Мырзабосынов

|
Photo: Үкімет
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл елімізде 35 спорт нысаны салынды, тағы 67 нысанның құрылысы жүріп жатыр - Ербол Мырзабосынов

|
Photo: Үкімет

2024 жылдың қорытындысы бойынша халықтың спорт инфрақұрылымына қолжетімділігі – 55,1 %-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол бұл көрсеткіш 2020 жылмен (46,2%) және 2023 жылмен (52,2%) салыстырғанда өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Бүгінде ел бойынша 25 760 спорт ғимараты бар. Оның ішінде 1 298 нысан жөндеуді қажет етеді.

2025 жылдың 9 айында 35 спорт нысаны салынды. Жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

«Спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру – Министрліктің негізгі бағыттарының бірі. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында. Тұжырымдамаға сәйкес бұл көрсеткішті 2029 жылы 65 %-ға жеткізу міндеті тұр», - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗