04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды

|
Photo:
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды

|
Photo:

Элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жаңа жиналған егіннен элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

Ол астық сақтау сыйымдылығы республика бойынша 30,7 млн тоннаны құрайтынын атап өтті, оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда – 13,3 млн тонна, шаруаларда – 17,4 млн тонна орын бар.

Жаңа жиналған егіннен элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп (2024 жылы – 3,4 млн тонна).

«Сақтауға тапсырылған жұмсақ бидайдың 53%-ы жоғары сапалы түріне жатады, 35%-ы – төртінші сынып, 12%-ы – төменгі сынып және сыныпсыз астық»,— деді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗