04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Astana Media Week-2025 апталығы өтеді

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Astana Media Week-2025 апталығы өтеді

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

5-7 қараша күндері Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медиа іс-шара Astana Media Week-2025 өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында медиа мамандар, халықаралық серіктестер және мемлекеттік ұйымдар жиналып, ой қозғайды.

Үш күн бойы қатысушылар үшін медиаэтика, деректі фильм, жасанды интеллектпен жұмыс істеу, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және журналистердің біліктілігін арттыру бойынша пленарлық және панельдік пікірталастар, баяндамалар, жабық питчинг-жобалар мен тәжірибелік шеберлік сабақтар ұйымдастырылады.

Спикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, «Хабар», Qazaqstan, Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия, Еуропадан келген сарапшылар бар.

Арнайы стриминг платформалар нарығына арналған сессиялар да өтеді. Оған TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV, Freedom Media өкілдері қатысады.

«Екі күн бойы медиаорталық холында 50 метрлік LED-экранда Astana Media Week-2025 контент-маркеті өтеді. Бұл жерде жаңа форматтар мен халықаралық кооперациялар таныстырылады. Контент-маркет продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар мен платформалар арасындағы іскерлік кездесулерге арналған алаң болмақ. Мұнда жаңа идеялар, пилоттық жобалар және Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Қазақстан нарықтарына арналған бірлескен өнім жасауға мүмкіндіктер ұсынылады», - делінген хабарламада.

Astana Media Week-2025 аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған. Жетекші стриминг және медиамониторинг компаниялары үздік сұрақ қойған қатысушыларға жылдық жазылым сертификаттарын және Самарқанға сапар жолдамасын табыстайды.

Қосымша ақпаратты astanamediaweek.kz сайтынан немесе +7 777 353 1766 (WhatsApp) байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗