Астанада полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ екі мопедті тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында мопед жүргізушілерінің екеуі де 17 жастағы жасөспірімдер екені анықталды. Сонымен қатар олардың көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.
«Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Екі жасөспірім де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Мопедтер мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырды.
Еске салсақ, Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 60-тан астам шетелдік анықталды.