06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

|
Photo: Фото: Астана әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

|
Photo: Фото: Астана әкімдігі

Елордадағы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы және «Esil University» бірлесіп, университет аумағында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке жұмыс іздеп жүрген жоғары оқу орындарының түлектері мен жастарға арналған.

«Негізгі мақсат – жұмыссыз азаматтарды, оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, яғни жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің тікелей байланысын қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз компанияларының таныстырылымын өткізіп, бос жұмыс орындарымен таныстырады және ең лайықты кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.

Өз кезегінде жұмыс іздеушілер HR-менеджерлермен сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасудан өтуге мүмкіндік алады.

Жәрмеңке 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында, яғни Жұбанов көшесі, 7 мекенжайында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗