Ақмола облысының полициясы ауа райының құбылмалы екенін айтып, көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы құбылып, жаңбыр аралас қар жауып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл жол қозғалысының қиындауына және жол апатына себеп болуы ықтимал», - деп хабарлайды полиция.
Сондықтан, полиция жүргізушілерге көліктерін қысқа алдын ала дайындап қоюды ұсынады. Яғни, жазғы дөңгелектерді ауыстырып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау керек.