Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – алдын алудың тиімді құралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыс жасалған құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алуды да көздейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының маңызы зор. Осал салаларды уақтылы анықтау, қолданыстағы тетіктерді талдау және құқық қолдану практикасын бағалау алдын алу шараларын қабылдауға әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осындай жұмыстың маңызды құралдарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, осы саладағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлық профилактикасының тетіктерін жетілдіруге бағытталған жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде неғұрлым осал бағыттарды анықтауға, проблемалық мәселелерді айқындауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданылып жүрген шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін ақпарат талданады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің ақпарат көздеріне құқықтық статистика, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтанушылық сауалнамалардың нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері жатады.
Алынған ақпарат жиналып, өңделіп, қорытылып және талданады. Мұндай тәсіл қалыптасқан жағдайды жан-жақты бағалауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқық қолдану практикасының тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте қабылданатын шешімдердің ашықтығына, ішкі рәсімдер мен бақылау тетіктерінің тиімділігіне, әкімшілік және ұйымдастырушылық кедергілердің болуына, процестердің цифрландырылу деңгейіне, сондай-ақ адами фактордың ықпалына ерекше назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, ең алдымен, профилактикалық сипатқа ие. Оны жүргізу проблемалық аспектілерді уақтылы анықтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жағдай жасайтын факторларды алдын ала жою жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мониторинг нәтижелері бойынша құқық қолдану практикасын жетілдіруге, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыруға, ішкі бақылауды күшейтуге және процестерді одан әрі цифрландыруға бағытталған тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттік басқарудың неғұрлым ашық әрі тиімді тетіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.