Елордалық құтқарушылар суға секірген жас жігітті құтқарып қалды (ВИДЕО)
4 қараша, 2025
видеодан скрин
Бүгін ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары елордадағы «Сарыарқа» көпірінен секіріп кеткен адамды құтқарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар судан 2005 жылы туған жас жігітті алып шықты. Ер адам жақын маңда орналасқан жедел құтқару жасағының базасына жеткізіліп, оған жедел құтқару жасағының дәрігері мен психологы алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар Нұрлан Бекенов, Рахат Кендібаев және Мейіржан Есенбековтің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адамның өмірі құтқарылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
«Жеңіс үшін рақмет!»: астаналық спортшылар мен бапкерлер челлендж бастады
8 мамыр, 2026
Астаналық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
6 мамыр, 2026
WorldSkills Shanghai 2026: астаналық студент чемпион атанды
6 мамыр, 2026
Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды