04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана қаласында XXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана қаласында XXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылғы 18–22 қараша аралығында Астана қаласында XXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін Қазақстандағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары қатыса алады.

Номинациялар:
1. Камералық хор. Хор дирижері
2. Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
3. Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
4. Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
5. Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
6. Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
7. Поэзия (үздік әдеби шығарма)
8. Креативті бағыт
Өтінім 2025 жылғы 5 қарашаға дейін қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗