05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тағы отандық үш футбол клубы жекеменшікке өтеді

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тағы отандық үш футбол клубы жекеменшікке өтеді

|
Photo: freepik.com

Қарашаның соңына дейін еліміздегі үш футбол клубы жекешелендіріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz  Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

4 қарашада премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері талқыланды.

Жиында баяндама жасаған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория 2025 жылғы қарашаның соңына дейін тағы үш клуб жекеменшікке өтетінін мәлімдеген.

Олар – «Шахтер», «Жеңіс» және «Қызыл-Жар СК» футбол клубтары. Бұл жұмыстарға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрдтан астам теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, «Елімай» футбол клубы коммерциялық емес акционерлік қоғам түріне ауыстырылған.

Бұл шешім «Реал Мадрид», «Барселона» және «Байер 04» сияқты еуропалық клубтардың үлгісімен жүзеге асырылған. Жаңа үлгі аясында 100 миллион акция шығарылып, клубтың басқару ашықтығы мен қаржылық тұрақтылығы артады деп күтіліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗