Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында өңірдегі егін жинау науқанының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол облыс бойынша дәнді дақылдарды жинау аяқталдығанын хабарлады. 4,1 млн га алқаптан 6 млн 734 мың тонна бидай жиналған. Орташа түсім гектарынан 16,5 центнерді құраған.
Майлы дақылдардан 839 мың гектар жиналған немесе жалпы алқаптың 96%. Өнімділік 9,6 ц/га.
«Облыста егін жинау науқаны алдағы күндерде аяқталады. Келесі жылдың егіс жұмыстарына қажетті тұқым көлемі 514,2 мың тонна мөлшерінде жиналды», — деді Құмар Ақсақалов.
Оның айтуынша, облыстағы сақтау қоймаларының жалпы көлемі 8,3 млн тонна, оның 3 млн тоннасы – элеваторлар. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктемесі ағымдағы кезеңде 49,8%-ды құрайды. Шаруашылықтардағы қоймалардың сыйымдылығы – 5,3 млн тонна.
Астықты кептіру үшін 415 кептіру агрегаты жұмыс істеп тұр, оның 96-сы элеваторларда және 319-ы ауыл шаруашылығы құрылымдарында.
Өнімді сақтау мен өңдеудің қолда бар қуаты барлық өсірілген егінді сақтауға мүмкіндік береді.