08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Премьер-министр АӨК өнімдерін терең өңдеу жобаларына инвестиция тартуды тапсырды

|
Photo: Үкімет
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Премьер-министр АӨК өнімдерін терең өңдеу жобаларына инвестиция тартуды тапсырды

|
Photo: Үкімет

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов терең өңдеу өнімдерге баса мән беру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мысал ретінде Жамбыл және Түркістан облыстарындағы жүгері өңдеу, Астана қаласындағы крахмал өндірісі, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарындағы лизин, глютен және биоэтанол шығару жобалары атап өтілді.

Премьер-министр АӨК саласын кешенді дамыту үшін мұндай жобалар санын көбейту қажет екенін атап өтті.

«Осыған ұқсас жобаларға инвестиция тартуға баса көңіл бөлінуі тиіс. Дәстүрлі астық экспортынан жоғары қосылған құны бар терең өңделген өнімдерді шығаруға көшкен жөн.

Жалпы азық-түлік тауарларының жеткілікті қорын қалыптастыру қажет. Өңір әкімдіктері тұрақтандыру қорларындағы жағдайға үнемі мониторинг жүргізіп, негізгі көкөніс өнімдерін қажетті көлемде жеткізу бойынша шарттардың уақтылы жасалуын қамтамасыз етсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗