Астанада Тұран даңғылының учаскесі қайта ашылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 15 маусымнан бастап аталған учаскеде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді және екі бағытта да қайта ашылды.
Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары 10-15 маусым аралығында кезең-кезеңмен жүргізілді. Осы уақыт аралығында қозғалыс бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр