00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады

22 қараша, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметтері мен функцияларына талдау жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Талдау бағыттарының бірі – мемлекеттік органдармен көрсетілетін «жасырын мемлекеттік қызметтерді», яғни, мемлекеттік қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ тиісті тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функцияны анықтау.

Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті талдау барысында некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгілері бар функцияны анықтады. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу кезінде шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар қосымша некелік құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы (апостильденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне аударылған) ұсынады. Некелік құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.

Аталған функцияның ашықтығы және қызметті алуды оңайлату мақсатында департамент осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Нәтижесінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына сәйкес, неке құқығына қабілеттілік туралы анықтама беру жөніндегі функция «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрі санатына ауыстырылды.