Интеллектуалдар алаңы: «Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады
![Сабина Кәкімжан](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Интеллектуалдар алаңы: «Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935741649558574.webp)
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азамат» бағдарламасы эфирге қайта оралады. Бұл туралы «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2000-жылдардың басында «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы тұтас бір буынның есінде қалды. Бұл жоба көшбасшыларды тәрбиелейтін, студенттердің шешендік өнерін шыңдап, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз көзқарасын дәлелді қорғауға үйрететін маңызды алаңға айналды. Дәл осы бағдарламадан шыққан түлектер қазіргі таңда мемлекеттік қызметте, білім беру және кәсіпкерлік салаларында ел дамуына үлес қосып жүр. Бұл бағдарламаның эфирге шығуына Парламент Мәжілісі, Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау білдірді.
15 жылдан кейін «Азамат» телебағдарламасы жаңартылған форматта көрерменге қайта ұсынылып отыр. Қазақстанның 100 жоғары оқу орнының арасынан пікірсайыс клубтары белсенді жұмыс істейтін 32 университет іріктеліп алынды.
Жаңартылған «Азамат» бағдарламасының алғашқы шығарылымы Наурыз мерекесі қарсаңында «Хабар» телеарнасынан эфирге шығады. Бұл – студенттерге өз қабілеттерін танытып, аналитикалық және шешендік өнерлерін паш етуге берілген бірегей мүмкіндік.
![Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393562717888763.webp)
![Танымал журналист ұлына «Құнанбай» деп ат қойған кісіге ақша беретінін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935618610125435.webp)
![ТМД елдері жемқорлық қылмыстарын бірлесіп анықтайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173934253934531824.webp)
![Қайтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173934133627356994.webp)