00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АЭС салу бойынша референдум – саналы түрде таңдау жасау алаңы

АЭС салу бойынша референдум – саналы түрде таңдау жасау алаңы
Фото: дереккөз

Atomic Industry Development Association компаниясының төрағасы Алдияр Тоқтаров АЭС салу бойынша референдумның осы мәселені талқылау және саналы таңдау алаңы ретiндегі маңызына тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, референдум жобаның барлық аспектілерін, соның ішінде экологиялық қаупі мен әлеуметтік салдарын талқылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ баламалы энергия көздерін қарастыру және оларды Қазақстанда пайдалану перспективаларын бағалауға да себеп болады.

Қазақстан бүгінде уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр және бұл саланың жетістіктері елдегі атом өнеркәсібінің даму тарихына байланысты келген. Уран саласын дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға, экспорттық түсімді арттырып, елдің экономикалық тұрақтылығы мен технологиялық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге септік етеді, бұл ұлттық энергетикалық қауіпсіздікте маңызды рөл атқарады. Қазақстанның атом саласын дамытуы халықаралық әріптестермен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүріп жатыр.

АЭС салу кезінде Қазақстан өндірісті барынша жерсіндіруге, яғни отандық ресурстарды, технологиялар мен мамандарды пайдалануға ұмтылады. Бұл ұлттық өнеркәсіпті дамытуға серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға және елде кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Атом энергетикасын Қазақстан үшін экономикалық дамыған елдердің қатарына кіру құралы ретінде қарастырсақ, атом энергиясын пайдаланудың арқасында республика тұрақты экономикалық өсімді қолдап, бизнес пен азаматтар үшін энергия құнын төмендете алады, сондай-ақ өнеркәсіптің басқа да жоғары технологиялық салаларын дамыта алады. Қазіргі заманғы атом станциялары жоғары қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Словения сияқты басқа елдердің мысалдары тіпті АЭС-ке жақын жерде ауылшаруашылық кәсіпорындары жұмыс істей беруіне болатынын көрсетті, яғни одан  радиация тарамайды. Бұл радиациялық қауіпке қатысты халықтың күдігін сейілтеді.

Сонымен қатар АЭС өндірілген ядролық отынды қайта өңдеп пайдалануға мүмікндік беріп, бұл ресурсты үнемді және тиімді пайдалануға ықпал етеді. Осы ретте өндірілген отынды қайта өңдеу арқылы өзінің осы отынға деген шығынын азайтып отырған Франция да үлгі бола алады.

Райхан РАХМЕТОВА