Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

фото: Оңалхан Өнерхан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:05
Қостанайда өнеркәсіп кәсіпорындары 1,82 триллион теңгенің өнімін өндірген

Бүгін, 12:44
Президент Ақмола облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

17 тамыз, 2025
Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

17 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады