Президент Энергетика министрін қабылдады
23 желтоқсан, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
12 желтоқсан, 2025
Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті
12 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
12 желтоқсан, 2025
Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды
12 желтоқсан, 2025
«Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу» – Президент