ҰҚК қару жасайтын төрт жасырын цехты жойды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері арнайы операция барысында қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цехты жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Осы операциялар кезінде 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда, - делінген хабарламада.
ҰҚК полициямен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.