Ақмола облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты
6 қыркүйекте Жақсы-Есіл-Бұзылық автожолындағы теміржол өткелінде Volvo маркалы ауыр жүк көлігі мен локомотив соқтығысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша, жүк көлігі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Соның салдарынан локомотивпен соқтығысқан.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Алайда ауыр жүк көлігінде тасымалданған 23 тонна пияз жолға шашылып, көлік қозғалысына кедергі келтірген.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол қозғалысын реттеп, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар жолға шашылған жүкті жинау және апат салдарын жоюға көмектесті», - делінген хабарламада.
Аталған учаскедегі көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, жол қозғалысы ережесін бұзған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.
Еске салсақ, кеше Астанада салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.