Астанадағы «Сарайшық» ауданы, А-32 көшесінде салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатынан жетінші қабатына дейін жылу оқшаулағыш материал жанған.
«Қазір өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді», - делінген хабарламада.