00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанға ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ – Бозымбаев ұшақ апатын тергеуге қатысты

29 желтоқсан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ – Бозымбаев ұшақ апатын тергеуге қатысты
фото: t.me/qr_tjm

Премьер-министрдің орынбасары, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев Қазақстанға Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру мәселесінде «сырттан қысым жасалып жатыр» деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады Kazinform агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл жалған ақпарат екенін бірден айтамын. Бұл апаттың мән-жайын анықтауға ешбір елден ешкім араласуға тырысып жатқан жоқ. Біз бұл жерде ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ұшақ апатын тергеуге мүдделі барлық елдің кеңінен қатысуын қамтамасыз етті.

«Бұл ең алдымен үш мемлекет: Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және өндіруші ел Бразилия. Олардың барлық өкілі,  17 адам қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ. Сонымен қатар Қазақстан 1992 жылдан бері Чикаго конвенциясының мүшесі. Соған сәйкес авиациялық зерттеулер жүргізу туралы кез келген шешімді тергеуді жүзеге асыратын мемлекет қабылдайды. Яғни, кімді тарту керек, кіммен жұмыс істеу керек және т.б. кез келген шешімді біз ғана қабылдай аламыз. Қоғамда біреу біреуге қысым жасайды деген сұрақ туындамауы үшін біз өз бетінше шешім қабылдаймыз», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.