Батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 21:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Фото: olympic.kz

Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Аталған халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасының сапында Данияр Түсіпов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Отандастарымыз жекелей сайыста және синхронды секіруде ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 2-4 қазан аралығында өтеді.