Республика күні - мемлекеттіліктің, қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершіліктің нышаны. Бұл қағидаттардың ел дамуындағы маңызы туралы Жалпыұлттық бірлік мәселелері жөніндегі салалық комиссияның төрағасы Наринэ Микаелян мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы Конституциялық реформаның және Қазақстанның саяси жүйесінің дәйекті дамуының практикалық нәтижесі болды.
«Конституциялық деңгейде алғаш рет азаматтық қоғам мен ел өңірлері өкілдерінің жалпыұлттық бірліктің неғұрлым маңызды жалпыазаматтық міндеттері мен мәселелерін талқылауға жүйелі қатысуына арналған тұрақты жұмыс істейтін институт құрылды», - деді ол.
Ол, сондай-ақ, Қазақстан Халық Кеңесін құрып, оның қызметін ұйымдастыру – Президентіміздің бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесінің дәйекті эволюциясының практикалық нәтижесі екенін айтты.