Екатерина Смолякова: Қазіргі жағдайда егемендіктің мазмұны кеңейді

Бүгін, 14:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Екатерина Смолякова: Қазіргі жағдайда егемендіктің мазмұны кеңейді
Фото: instagram.com/ekaterina_smolyakova

Республика күні қарсаңында Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова егемендік туралы декларацияның тарихы маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің тәуелсіздікке бастаған жолын айқындады. Бұл құжаттың тарихи маңызы тек саяси дербестікті жариялауға ұмтылуда емес, онда мемлекеттің аумақтық тұтастығы, экономикалық дербестігі, ұлттық мәдениеті мен тілін дамыту секілді іргелі қағидаттар көрініс тапты.

«Бір ұрпақ тәуелсіздіктің іргесін қалады, екінші ұрпақ мемлекеттік институттарын құрды, ал біздің ұрпақтың алдында тәуелсіздікті жаңа тарихи жағдайда нығайту міндеті тұр. Қазіргі жағдайда егемендіктің мазмұны кеңейіп келеді. Бүгін ол тек мемлекеттік шекара немесе саяси дербестікпен өлшенбейді. Оның жаңа өлшемдері бар. Ол – интеллектуалдық әлеует, экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік әділеттілік және ұлттық бірегейлік», - атап өтті спикер.