00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Түркияда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

17 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Түркияда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Түркияның Стамбұл қаласында өткен «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын 4 мыңнан астам адам тамашалады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қойылым премьерасы Ататүрік мәдениет орталығында өтті.

Көптеген елдің шығармашылық өкілдерін біріктірген жаңа ұлттық опера мәдени өмірдегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевтан кеңестер алынып, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.

Екі күн ішінде қойылымды 4 080 адам тамашалап, орта ғасырдың ең ірі мемлекеті – Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасады. Қалың көрермен маңызды тарихи оқиғалар мен ерекше сәттерді сезіне алды.

Қойылымға барлығы үш жүзден астам опера, хор, балет әртістері қатысты. Театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуі, сахнаның түрленуі, жарық эффектілері мен бейнепроекциялар көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Айта кетейік, «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы 29, 30 қараша және 1 желтоқсанда Алматы қаласында өткен еді.