Астана кітапханаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кітап көрмесі бастау алды

Бүгін, 09:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана кітапханаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кітап көрмесі бастау алды
Фото: Астана қаласы Мәдениет басқармасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Астана қаласының Мәдениет басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен қалалық кітапханаларда кітап көрмесі өткізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған акция Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де бастау алып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттауға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

Көрме аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңдылықты нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту, сондай-ақ әділдік, жауапкершілік және азаматтық сана құндылықтарын дәріптеуге арналған кітаптар, ғылыми-публицистикалық басылымдар мен ақпараттық материалдар ұсынылған.

Кітапхана келушілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудағы рөлі туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық бейнеролик көрсетілуде. Бейнематериалда сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары көрнекі түрде баяндалып, әділетті әрі құқықтық қоғам құрудағы әрбір азаматтың жеке жауапкершілігініңмаңыздылығы айқын көрсетілген.

Көрме Астана қаласы әкімдігіне қарасты барлық қалалық кітапханаларда бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды нығайтуға және қоғамға адал әрі жауапты қызмет ету құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.