Елімізде 1 миллионнан астам адам жасанды интеллект негіздерін оқыды - Премьер-министр

Бүгін, 12:25
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде 1 миллионнан астам адам жасанды интеллект негіздерін оқыды - Премьер-министр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрге Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шараларға қатысты сұрақтар қойылды. 

Олжас Бектенов елімізде ары қарай цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғанын, сондай-ақ бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе», - деді Олжас Бектенов.

Еске салсақ, Олжас Бектенов IT-қызметтердің экспорты бір жылда 60%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асқанын айтты.