Түркияда өткен халықаралық байқауда елордалық биші ата-әжелер жеңімпаз атанды
Түркияның Анталия қаласында өткен «Dance with your soul!» халықаралық байқауында елордалық биші ата-әжелер жеңімпаз атанды., деп хабарлайды Elordainfo.kz
Оған Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының хореографиялық ансамбльдері қатысты.
Іс-шараға Түркия, Грузия, Ресей және Қазақстаннан келген ұжымдар қатысты. Байқауда жалпы 115 конкурс нөмірі ұсынылды.
Қазақстанды жоғары деңгейде «Қыздар-ай» халықтық ансамблі мен «Аңыз» хореографиялық ансамблі таныстырды. Біздің бишілер жарқын өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша «Сезім әуені» биі үшін «Аңыз» хореографиялық ансамблі Гран-при иегері атанды, ал «Кең дала» ұлттық биін билеген «Қыздар-ай» халықтық ансамблі Гран-при жеңіп алды.
Сондай-ақ, «Симфония души» классикалық биі үшін «Қыздар-ай» халықтық ансамблі тағы бір Гран-при иеленсе, «Шаттық би» заманауи үшін I орынға ие болды.

Би ұжымдары «45+ сеньорлар» санатында өнер көрсетті. «Қыздарай» мен «Аңыз» хореографиялық ұжымдарына білікті маман Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.
