Астана прокуратурасында қоғам белсенділерімен кездесу өтті

Астана прокуратурасында қоғам белсенділерімен кездесу өтті
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Ерлан Өтеуовтің төрағалығымен Профилактика кеңесі мүшелерімен және қоғам белсенділермен кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап. 

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды. Қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін ең белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кездесу барысында киокушинкай каратэден Азия чемпиондары атанған елордалық спортшылардың жетістігіне ерекше назар аударылды. Ерлан Өтеуов спортшыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтап, жаттықтырушылар құрамына алғыс білдірді. Сондай-ақ жастардың спорттағы жетістігі тәртіптің, мақсаткерліктің және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Кездесу мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен спорт қауымдастығының «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтудағы өзара іс-қимылының тиімділігін тағы бір мәрте растады.