Header Banner

Су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді

Су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жөніндегі жол картасын әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомсоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат импортқа тәуелділікті азайту, су есептеу құралының отандық өндірісін дамыту, гидротехникалық құрылысты автоматтандыру, цифрлық технологияны енгізу және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған 13 іс-шараны қамтиды. Жол картасында сондай-ақ су саласына технологиялық аудит жүргізу, отандық ғылыми әзірлемелердің тізімін жасау, жабдықтардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу және отандық технологияны өндіріске енгізу тетіктерін дамыту қарастырылған.

«Қазіргі уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең озық қолданыстағы технологиялардың тізімін әзірледі. Сонымен қатар су үнемдеу технологияын қолданатын суару жүйесін өндіретін отандық зауыттардың саны соңғы екі жылда төрттен жетіге дейін өсті. Бұдан бөлек, ведомство жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметін қолдайды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Еске салса кетсек, биыл еліміздің су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды.