Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді.
Шымкентте полиция қызметкерлері 21 жастағы тұрғынды ұстады. Оны жеке тінту кезінде салмағы жарты келі болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Жігіт оны қала аумағында өткізбек болған.
Павлодарда полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады. Оны жеке тінту кезінде бір жарым келіге жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктінің әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері жұмысын тауып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды.
«Қарашаның бірінші онкүндігінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 35-і қылмыс.
10 күн ішінде 35 фигурант ұсталды, оның ішінде: 19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша; 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін; 8 адам контрабанда үшін; 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін; 1 адам есірткі өсіргені үшін; 1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін.
Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 190 кг марихуана, шамамен 13 кг синтетика және 4 кг гашиш бар», - делінген ІІМ хабарламасында.
Еске сала кетейік, астаналық театр нашақорлық мәселесін жаңа қойылым арқылы көтерді.