Header Banner

5 автомат, 10 граната: ҰҚК қызметкерлері заңсыз сақталған 45 қаруды тәркіледі

5 автомат, 10 граната:  ҰҚК қызметкерлері заңсыз сақталған 45 қаруды тәркіледі
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері биыл заңсыз сақталған 45 қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қазан-қараша айларында комитеттің қызметкерлері полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында) қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 

«Жалпы 45 атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді.