Header Banner

Air Astana APEX 2027 аясында екі номинация бойынша үздік атанды

Бүгін, 10:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Air Astana APEX 2027 аясында екі номинация бойынша үздік атанды
Фото: Air Astana

Air Astana беделді APEX 2027 марапатының «Бес жұлдызды ірі әуекомпаниясы» және «Орталық және Оңтүстік Азиядағы үздік әуекомпаниясы» номинациялары бойынша марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Air Astana компаниясының мәліметінше, APEX Awards марапаттау рәсімі 19 қарашада Сингапурде өткен.

«Осындай мәртебелі марапат жолаушыларға тұрақты түрде жоғары деңгейде қызмет көрсетуге деген ұмтылысымыздың нәтижесі. Бұл жетістік күн сайын жолаушыларымыздың үмітін ақтап, жоғары сапалы қызмет көрсетіп жүрген ұжымымыздың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығын көрсетеді. Air Astana-мен әрбір сапар бұрынғыдан да жайлы әрі әсерлі болуы үшін қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіре береміз», - деді Air Astana компаниясының борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова.

APEX әуекомпанияларды жолаушыларға қызмет көрсету сапасы бойынша тәуелсіз расталған жолаушылар пікірлері негізінде марапаттайды. Жолаушылар бір миллионнан астам рейске бес жұлдыздық шкала бойынша баға береді. «APEX бес жұлдызды әуекомпаниясы» мәртебесі әлем бойынша бағалаудан өткен 722 әуекомпанияның үздік 50-іне беріледі. Бұл бағалауға қатысқан әуекомпаниялардың 7%-дан азын құрайды.

Жаңа марапаттар Air Astana-ның APEX тарапынан көп жылдан бері жоғары бағаланып келе жатқан жетістіктерінің жалғасы болып, әуекомпанияның әр жылдары «Бес жұлдызды ірі әуекомпаниясы» және «Үздік әуекомпаниясы» номинациялары бойынша алған марапаттарының қатарын толықтырды.

Еске салсақ, Air Astana мен China Southern Airlines стратегиялық серіктестік орнатты.