Header Banner

ІІМ: Бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 адам қамауға алынды

ІІМ: Бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 адам қамауға алынды
фото: Оңалхан Өнерхан

ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. Бес күнде 115 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлік тізгініне отырады. Сот тыйым салса да, олар заңды әдейі бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндіреді. Соңғы бес күнде полиция осындай 245 жүргізушіні ұстады. Оның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, 130-на айыппұл салынды. 245 көліктің бәрі арнайы айып тұрағына қойылды. 

ІІМ ұстанымы айқын: құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл жай ғана қағида емес. Бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі. 

Еске салсақ, елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды.