Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты

Бүгін, 12:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ел құрамасының дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Циндао қаласында (Қытай) өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық дзюдошы Рональд Лиманы (Бразилия) жеңді. Шешуші белдесуде Хифуми Абе (Жапония) мен Келвин Рэйдің (Франция) жұбының жеңімпазымен кездесетін болады. 

Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.

Еске салсақ, Астанада III «Senat Open – 2026» ашық шахмат турнирінің финалдық кезеңі басталды.