Елордадағы жазғы лагерьде интерактивті ойын форматында алаяқтықтың алдын алу үйретілді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Нұра ауданының прокуратурасы №97 гимназияның жазғы лагері тәрбиеленушілері үшін профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Кездесудің негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Интерактивті ойын форматында балалар алаяқтықтың алдын алу, жол жүрісі қағидасын сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша тақырыптық тапсырмаларға қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар аудан прокурорының атынан грамоталармен және ынталандыру сертификатымен марапатталды.